Клиент құрылғыларында орнатылған бағдарламалар тізімін алу және қарау

Kaspersky Security Center бағдарламасы, Linux және Windows операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін басқарылатын клиент құрылғыларында орнатылған бағдарламалық жасақтаманы түгендейді.

Желілік агент құрылғыда орнатылған бағдарламалар тізімін құрастырып, тізімді Басқару серверіне жібереді. Желілік агентке бағдарламалар тізімін жаңарту үшін шамамен 10-15 минут кетеді.

Windows операциялық жүйесі бар клиент құрылғылары үшін Желілік агент орнатылған бағдарламалар туралы ақпараттың көп бөлігін Windows тізімдемесінен алады. Linux операциялық жүйесі бар клиент құрылғылары үшін орнатылған бағдарламалар туралы ақпаратты Желілік агент пакет диспетчерлерінен алады.

Басқарылатын құрылғыларда орнатылған бағдарламалар тізімін көру үшін,

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде ОперацияларҮшінші тарап бағдарламаларыБағдарламалар тізімдемесі бөліміне өтіңіз.

    Бетте басқарылатын құрылғыларда орнатылған бағдарламалары бар кесте көрсетіледі. Осы бағдарламаның сипаттарын көру үшін бағдарламаны таңдаңыз, мысалы: өндірушінің аты, нұсқа нөмірі, орындалатын файлдар тізімі, бағдарлама орнатылған құрылғылар тізімі, қолжетімді бағдарламалық жасақтама жаңартуларының тізімі немесе анықталған бағдарламалық жасақтама осалдықтарының тізімі.

  2. Орнатылған бағдарламалары бар кесте деректерін келесідей топтастыруға және сүзуге болады:
    • Кестенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы () параметрлері белгішесін нұқыңыз.

      Ашылған Бағандар параметрлері мәзірінен кестеде көрсетілетін бағандарды таңдаңыз. Бағдарлама орнатылған клиент құрылғыларының операциялық жүйесінің түрін көру үшін Операциялық жүйенің түрі бағанын таңдаңыз.

    • Кестенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы () сүзу белгішесін нұқыңыз, ашылған мәзірде сүзу критерийін көрсетіңіз және қолданыңыз.

      Орнатылған бағдарламалардың сүзілген кестесі көрсетіледі.

Таңдалған басқарылатын құрылғыда орнатылған бағдарламалар тізімін көру үшін,

Бағдарламаның негізгі терезесінде ҚұрылғыларБасқарылатын құрылғылар<құрылғы атауы>КеңейтілгенБағдарламалар тізімдемесі бөліміне өтіңіз. Бұл мәзірде бағдарламалар тізімін CSV немесе TXT пішіміндегі файлдарға экспорттауға болады.

Бағдарламаларды бақылау туралы толық ақпарат алу үшін анықтаманың келесі бөлімдерін қараңыз:

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бағдарламаларды басқару

Басына оралу